Accessibility links

Беларусь елі тәуелсіздік күнін атап өтуде


Александр және оның ұлы Коля Лукашенколар әскери шеруді тамашалап тұр. 3 шілде. 2011
Александр және оның ұлы Коля Лукашенколар әскери шеруді тамашалап тұр. 3 шілде. 2011
Оппозициялық белсенділерді қудалап жатқан Беларусь елі бүгін тәуелсіздік күні мерекесін атап өтіп жатыр.

Үкіметке қарсы шыққандарды жаппай басып жатқан Минск Литвадағы демократиялық конференцияға барып қайтқан елдің совет кезіндегі бірінші президенті Станислав Шушкевичті сенбі күні тұтқындады. Шушкевич одан кейін босатылған, бірақ режимге қарсылық танытқан ондаған адам әлі қамауда отыр.

Лукашенко билігіне қарсы жаппай наразылық білдіру шаралары өткен жылы желтоқсан айында өткен президенттік сайлаудан кейін өршіп кетті. Беларусь 3 шілдеде 1944 жылы Минскті совет күштері нацистерден азат еткен күнді атап өтіп келеді. Тәуелсіздік күнін егемендік жарияланған 1990 жылы 27 шілдеде атап өтіп жүрген Беларусь елі 1996 жылы Александр Лукашенконың шешімімен бұл күнді қайта өзгерткен.
XS
SM
MD
LG