Accessibility links

Иранда белгілі заңгер сотталды


Тегеран соты билік басындағы исламдық режимді құлатпақ болды деп айыпталған Ирандағы белгілі заңгерді тоғыз жыл түрмеге кесті.

Сотталған Мұхаммед Әли Дадханың 10 жылға дейін заң қызметімен және ғылыммен айналысуына тиым салынды.

Жартылай ресми ISNA агенттігінің хабарлауынша, оған үйінде спутниктік телеқабылдағыш ұстағаны үшін 300 мың доллар айыппұл да салынды.

Мұхаммед Әли Дадха Нобель сыйлығының лауреaты Ширин Эбадимен бірге адам құқығы комитетін құрған еді. Ол 2009 жылғы даулы президент сайлауынан кейін ұсталған оппозиция өкілдерінің құқығын қорғаған болатын.
XS
SM
MD
LG