Нидерланды соты 1995 жылғы Сребреница қырғыны барысында үш босниялық мұсылманның өліміне Голандия мемлекеті жауапты деген тарихи шешім шығарды.
"Әлгі босниялық мұсылмандардың өліміне Голландия үкіметі кінәлі себебі сол кезде аймаққа орналастырылған голландиялық бітімгершілік күштері оларды басып кірген босниялық серб әскерилеріне тапсырмауы тиіс еді", - делінген бүгінгі сот шешімінде. Оған сәйкес, құрбандардың отбасыларына өтемақы төленуі тиіс.
Сребреницада босниялық серб күштері жүйелі түрде 8 мың мұсылманды өлтірген болатын.
Бақылаушылардың айтуынша, сейсенбі күнгі сот шешімі басқа да құрбандардың Голландия үкіметінен өтемақы талап етуіне мүмкіндік береді.