Accessibility links

АҚШ президенті бүгін Twitter-дің қонағы болады


Twitter белгісі.
Twitter белгісі.
Twitter әлеуметтік желісін қолданушылар бүгін АҚШ президенті Барак Обамаға сұрақтарын жолдай алады.

Бұл оқиға осыдан екі күн бұрын Fox News ақпарат желісінің Twitter аккаунтына хаккерлік шабуыл болып, АҚШ жетекшісін "атып кетті" деген жалған ақпарат таратқан соң болып отыр.

Twitter «Обамадан сұра» деген тәсілмен 140 сөзден аспайтын сұрақтарды таңдап алады. Одан кейін Обама Ақ Үйдің алдында негізінен экономикаға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Бұл тұста АҚШ-тың арнайы қызметі Twitter-дегі хакерлік ақпарат таратушылар ісін тергеп жатыр.
XS
SM
MD
LG