Борис Немцов өзінің алты айға Ресейден шығуына тыйым салынғанымен еліне оралатынын мәлімдеді.
Страсбургтегі демократиялық форумға қатысып жатқан танымал оппозициялық тұлға Борис Немцов сәрсенбі күні өзінің Ресейден шығуына тыйым салынғанынан хабардар болғанын айтты. "Бұл - ПАРНАС үшін премьер-министр Владимир Путиннің өші деп ойлаймын", - деді Немцов.
Немцов Ресейде ПАРНАС деп аталып кеткен оппозициялық Халық азаттығы партиясы жетекшілерінің бірі. Өткен айда бұл партияны елдің әділет министрлігі тіркемей қойған болатын.
Ресей федералдық сот приставы (жасауыл) қызметінің баспасөз хатшысы Немцовтың шетелге шығуына тыйым салынғанын жоққа шығарды.
Ал Немцовтың адвокатының айтуынша, мұндай тыйым бар және ол Немцовтың Путинге таққан айыбы бойынша сот шешімімен байланысты.