Ұлыбританияда телефон тыңдап жанжал тудырған "Ньюс оф вэ ворлд" басылымы жабылады.
Бұл туралы бейсенбі күні медиа-холдинг иесі Руперт Мэрдоктың ұлы Джеймс Мэрдок жариялады.
168 жылдан бері шығып келе жатқан басылымның соңғы саны 10 шілде, жексенбі күні жарық көрмек.
Оқуға ыңғайлы шағын газет - таблоид түрінде шығып келе жатқан басылым өзіне тағылған айыппен келісті. Басылым белгілі адамдардың, саясаткерлердің және король көмекшілерінің телефондарын тыңдаған.
Басылымға соңғы күндері жоғалған балалардың, Ауғанстанда қаза тапқандардың және 2005 жылы 7 шілдедегі Лондондағы лаңкестік құрбандары телефондарын тыңдағаны үшін айып тағылды.
Ел премьер-министрі Дэвид Кэмерон жанжалға қайран қалғанын айтты.