Accessibility links

Дағыстанда имам оққа ұшты


Солтүстік Кавказ картасы
Солтүстік Кавказ картасы
Дағыстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, қаруланған адамдар бір ауыл имамын атып кеткен.

Министрліктің бүгінгі мәліметінше, сенбі күні кешке Карамахи ауылының мешітінде имам Магомед Махдиев оққа ұшқан. Ол Дағыстанда соңғы айда өлтірілген екінші имам.

Дағыстаннан келіп түскен басқа да хабарларға қарағанда, сенбі күні Советское ауылындағы мектептің директоры Сидикулла Ахмедов өлтірілген. Кавказ әмірлігі тобымен байланысты JamaatShariat.com вебсайты мектеп оқушыларының хиджап киюіне қарсы болған Ахмедовты "исламның жауы" деп атаған.
XS
SM
MD
LG