Accessibility links

Түркімен билігі Абадандағы жарылыс шығынын мойындады


Түркіменстан билігі Абадан қаласындағы жарылыста адам өлімі болғанын мойындады.

Өткен бейсенбі күні қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, тұрғын үйлер, мектеп және зауыттар қираған еді. Басқа да ғимараттар зардап шеккен. Соңынан тұрғындар эвакуацияланған болатын.

Түркімен үкіметі 10 шілде күні арнайы жиын өткізді. Ресми мәлімдемеде 15 адамның қаза тапқандығы айтылған. Оның екеуі сарбаз болып шыққан.

Президент Құрбанғұлы Бердімұхаммедов үш ай бұрын тағайындаған қорғаныс министрі Бегенч Гундоғдиевтің әскери шенін генералдан полковниккке түсірді
XS
SM
MD
LG