Accessibility links

Ауғанстандағы мешітке жанкештілік шабуыл жасалды


Ауғанстан картасы
Ауғанстан картасы
Ауған ресми өкілдерінің айтуынша, бүгін елдің оңтүстігіндегі Кандағар қаласындағы мешітте бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберген. Дәл сол кезде ауған президенті Хамид Карзайдың қастандықтан қаза болған інісінің рухына бағыштап, Құран оқылып жатқан болатын.

Бастапқы хабарларға қарағанда, шабуылдан кемінде 4 адам мерт болған. Құрбан болғандардың арасында имам Маулави Хекматулла Хекмат бар.

Қандағар уәлаяты кеңесін басқарған ықпалды саясаткер Ахмад Уәли Карзайды өз үйінде күзетшісі атып өлтірген. Бұдан бұрын оған "жемқорлық пен есірткі саудасы арқылы байлыққа қол жеткізді" деген айыптар тағылған еді. Ахмад Уәли Карзай бұл айыптарды жоққа шығаратын.

Оған жасалған қастандыққа байланысты жауапкершілікті "Талибан" өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG