Accessibility links

"ҚазАқпарат" агенттігінің басшылығы әкімшілік жауапқа тартылды


"ҚазАқпарат" агенттігінің басшылығы қызметкерлер жалақысын уақтылы төлемегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл турасында бейсенбі күні Астана қалалық прокуратурасы хабарлады. Тексеру нәтижесінде 130 қызметкерге 12 миллион теңгеден астам қаражаттың бөлінбей қалғаны анықталған.

Прокуратура "ҚазАқпарат" басшылығын қарызды өтеуге міндеттеді.

Агенттік қызметкерлері жалақының кешіккені үшін бірнеше мәрте ереуілдеген еді. Маусым айындағы ереуілде олар ел премьері Кәрім Мәсімовке хат жолдап, мәселені реттеуді сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG