Accessibility links

Кәрім Мәсімов "Азаттық" радиосында онлайн-конференция өткізеді


Қазақстан премьер-министрі "Азаттық" радиосы тыңдармандары және оқырмандарымен онлайн-конференция өткізеді.

Бұл турасында жұма күні Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов zakon.kz сайтында болған онлайн-конференцияда айтты.

Ол онлайн-конференция өткізуді жалғастыратынына тоқтала келіп, енді "Азаттық" радиосы платформасында онлайн-конференция өткізетіндігін мәлімдеді. "Мен уәде бердім - оны орындаймын,"-деді Кәрім Мәсімов.

Кәрім Мәсімов бір жарым сағаттық онлайн-конференция барысында дауыс берілген сауалдарға жауап берді.
XS
SM
MD
LG