Accessibility links

Еуропарламент депутаты ереуілші мұнайшылармен кездесті


Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі. (Көрнекі сурет)
Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі. (Көрнекі сурет)
Еуропа парламентінің депутаты Пол Мерфи жексенбі, 17 шілде күні Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласына келді деп хабарлады бүгін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының баспасөз қызметі.

Депутат «ҚазМұнайГаздың» және оның бөлімшесі «Өзенмұнайгаздың» басшыларымен кездесіп, мамыр айынан бері ереуілдетіп жатқан мұнайшылар митингісіне барды дейді баспасөз баяны.

Пол Мерфимен бірге «Жұмысшы интернационалы комитеті» халықаралық жұмысшы қозғалысының мүшесі Роберт Джойнс, Еуропарламенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Таня Немейр, қазақстандық кәсіподақтар басшылары болды.

Пол Мерфиге мұнайшылар ереуілі жайлы мәлімет беріліп, «Өзенмұнайгаз» басшылығы мен мұнайшылар арасындағы дауды шешетін жұмысшы тобы құрылғанын хабарлады дейді «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG