ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Қырғызстанды ар-ожданға тиді, тіл тигізді деген айыпты алып тастаған Орталық Азиядағы бірінші ел ретінде мадақтады.
ЕҚЫҰ-ның өкілі Дуня Миятович тіл тигізді деген қылмыстық айыптың алынуы – елдегі баспасөздің еркіндігін күшейте түседі деді.
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерді парламент мақұлдауынан кейін Қырғызстан президенті Роза Отунбаева шілденің 11-і күні қол қойып бекіткен еді.
Дуня Миятович сөз еркіндігіне қатысты қалып отырған "намысқа тиді", "ресми өкілдерді масқаралады" деген қылмыстық айыптаулар елдегі баспасөзді шектемейтін болар деген үмітін білдірді. Ол ел билігі алдағы уақытта бұл айыптауларды да алады деп сенетінін айтқан.