Accessibility links

БҰҰ: Оңтүстік Сомалидің екі аймағын ашаршылық жайлаған


БҰҰ Сомалидің оңтүстігінде көтерілісшілер бақылауында отырған екі аймақты аштық жайлады деп жариялады.

Бұл өңір жарты ғасырдан аса уақыт ең қиын құрғақшылықпен қатар қарулы қақтығыс және кедейлік тауқыметін тартып отыр.

БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, қазір Сомалидің оңтүстігінде 3,7 миллион адам дағдарыста отыр. Бұл аймақта жүріп жатқан қақтығыстар халыққа көмек жолдауға қиындық тудырып отыр делінген БҰҰ-ның мәлімдемесінде.

Әл-Қаидамен байланысы бар Шебаб бүлікшілері бұл аймаққа шетелдік қайырымдылық топтарының кіруіне тыйым салған. Бірақ жақында халыққа көмек көрсету үшін агенттіктерге шектеулі ғана жол ашты.

Ресми өкілдер ашаршылықты тоқтатпаса, екі айдың ішінде Сомалидің басқа сегіз аймағына жайылып кетуі мүмкін деп ескертеді. Аштықтан қиналған онмыңдаған сомалилік елден кетіп, көрші Кения мен Эфиопияны паналады.
XS
SM
MD
LG