Accessibility links

Исламшылдар Сомалиді аштық жайлады деген БҰҰ дерегін жоққа шығарды


Исламшыл "Аш-Шабаб" тобы БҰҰ-ның Сомалидің оңтүстігін аштық жайлады деген дерегін "насихат" деп жариялады. Бірақ бұл өңірге гуманитарлық қызметкерлерді кіргізетіндерін айтпады.

Исламшылдар өкілі Шейх Али Мухамуд Раж жергілікті радиодан сөйлеген сөзінде "Өзіміз бақылайтын аумақта халықаралық ұйымның жүргенін хош көрмейміз" деп мәлімдеді.

2009 жылы "әл-Қаидаға" қатысы бар содырлар Сомалидің өздері басып алған аудандарына гуманитарлық көмекті өткізбей қойған еді, бірақ жуықта жарым-жартылай ашқан.

БҰҰ 20 шілдеде Сомалидің оңтүстігіндегі екі ауданда 50 жылдан бері болмаған қуаңшылық кесірінен аштық жайлағанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG