Accessibility links

Норвегияның астанасы Ослодағы жарылыстан бірнеше адам қаза тапты


Жарылыстан зардап шеккен әйел. Осло, 22 шілде 2011 жыл.
Жарылыстан зардап шеккен әйел. Осло, 22 шілде 2011 жыл.
Жұма күні Ослода үкімет ғимараты маңында күшті жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша, жеті адам көз жұмып, бірнеше адам жараланған.

Премьер-министр Йенс Столтенбергтің офисі бүлінді, бірақ оның өзі зардап шеккен жоқ. Столтенберг жарылыс кезінде ғимаратта болмаған екен.

Полицияның мәлімдеуінше, жарылғыш құрылғы іске қосылған. Бірақ мұны лаңкестік әрекет деуге әлі ерте дейді премьер-министр.

Осы жарылыстан кейін бірнеше сағат өте бере полицей формасын киген бір ер адам Ослоның маңындағы Утойя аралындағы жасөспірімдер лагеріне барып оқ жаудырды. Ол жерде биліктегі Лейбористер партиясы жастар қанатының слеті өтіп жатқан еді. Столтенберг те сол жерге баруы керек болатын.

Полиция бұл атыстан бес адам зардап шекті деген ақпаратты әзірше растаған жоқ. Оқ атқан адам тұтқындалған. Тергеу орындары екі оқиғаның бір-біріне қатысы барын жоққа шығармайды.

Норвегиядағы оқиғаны Еуропа одағы, НАТО, Ұлыбритания және АҚШ айыптады.
XS
SM
MD
LG