Бүгін Стамбул соты армениялық журналистің өліміне күдіктіні 23 жылға түрмеге жапты. Сот алқасы күдікті Огун Самаст 2007 жылы қаңтар айында тегі армян, түркиялық журналист Грант Динкті редакциясының жанында өлтірген деп тапты.
Динк түрік-армян тіліндегі "Агос" апталығының редакторы болған. Ол 20-шы ғасырдағы армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп тануды алға тартып, түркиялық әсіре ұлтшылдардың наразылығын тудырған. Түркия Осман империясы кезіндегі қырғындарды геноцид деп мойындаудан бас тартқан.
Огун Самаст журналисті өлтірген кезде кәмелеттік жасқа толмаған әрі жұмысcыз жүрген. Сот оған басында өмірлік түрме жазасын беріп, кейін жасына байланысты оның жазасын 23 жылға дейін азайтты.