Accessibility links

Норвегиялық шабуылдаушы өзінің жақтастары бар екенін айтты


Норвегиялық Андерс Брейвик вебсайтына "2083 жыл - Еуропаның тәуелсіздік декларациясы" деген тақырып жазып қойған.
Норвегиялық Андерс Брейвик вебсайтына "2083 жыл - Еуропаның тәуелсіздік декларациясы" деген тақырып жазып қойған.
Норвегияда екі бірдей шабуыл жасады деген күдіктінің адвокаты Гейр Липпестадтың айтуынша, Андерс Брейвик елде өзін қолдайтын екі секция бар екенін және шетелдерде біразы құрылғаны жайлы сөз еткен.

Брейвик 76 адамның өмірін қиған шабуылдарды жасау қажет болды деп санайды дейді оның адвокаты. Брейвик жұма күні Ослода үкіметтік мекемеге қарсы шабуылында 8 адамды өлтіріп, Утоя аралындағы еңбек лагерінде 68 жастың өмірін қиды.

Дүйсенбі күні кешкісін Ослода жүз мыңнан аса адам шабуылда құрбан болғандарды еске алып, шырақ жақты.
XS
SM
MD
LG