Accessibility links

Еуропа одағы Косово мен Сербияны шекара дағдарысын тез шешуге шақырды


Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон. 20 маусым 2011 жыл.
Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон. 20 маусым 2011 жыл.
Еуропа одағы Сербия мен Косовоны шекараға байланысты дағдарысты шешіп, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды.

Мұны бүгін Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.

Кеше БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Косоводағы жағдайға орай төтенше кеңес өткізді. Косовоның солтүстігінде тұратын сербтер шекарадағы екі пункте шабуыл жасаған еді. Ол жерді косоволық полиция өз бақылауына алмақ болған.

Қазір ол екі пункте де НАТО-ның бітімгер күштері тұр. Бірақ сербтер бұл аудандағы басты жолдарға құрып тастаған бөгеттерді бұзудан бас тартады.
XS
SM
MD
LG