Accessibility links

Ақтөбедегі атыс пен жарылыстан екі адам қаза тапты


Күдіктілермен атыста қаза тапқан арнайы жасақ қызметкері Руслан Жолдыбаевты жерлеу. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Ақтөбеде кісі өліміне күдіктіні ұстау кезінде атыс болды деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі

Ал Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбенің шет жағындағы Жаңажол саяжай аумағындағы бір үйді тексерген кезде белгісіз адамдар полицейлерге қарсы оқ атып, үйді жарып жіберген. Бір полицей қаза тауып, бір адам жараланды. Жарылыс болған жердің бір кісінің мәйіті табылды.

Ақтөбе полициясы 10 шілдеде қаза тапқан 22 жастағы жігіттің өліміне күдікті үш адамды 25 шілдеде ұстаған. Полицияның мәліметінше, 26 шілде күні "қарулы қарсылық көрсетпек болған тағы бір күдікті атып өлтірілген".
XS
SM
MD
LG