Америка Қазақстанды лаңкестік қауіп төндіретін ел деп санамайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Астанада АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан бойынша арнайы өкілі Марк Гроссман мәлім етті.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Гроссман «Қазақстан лаңкестік қаупін төндіретін ел емес», - деген Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуден кейін.
Арнайы өкіл Қазақстан мен АҚШ-тың лаңкестікпен күресте әріптес болып табылатындығын атап өтті. Ол Қазақстанды қауіпті елге енгізген тізім мемлекетке емес, жекелеген азаматтарға ғана қатысты екенін айтты.
Бұдан алдын АҚШ иммиграциялық қызметі Қазақстанды осындай тізімге енгізген еді. Бұған Қазақстан сыртқы істер министрлігі түсінбеушілікпен қарап, мәселені түзетуге мүделлілік білдірді. Соңынан Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстанды лаңкестік қатер төндіретін ел ретінде қарастырмайтынын жариялады.