Accessibility links

Ресей ұшақ апаты туралы Польшаның есебімен келіспейді


Ресей мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Алексей Морозов. 2 тамыз 2011 жыл.
Ресей мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Алексей Морозов. 2 тамыз 2011 жыл.
Ресей мемлекетаралық авиация комитеті Польша жариялаған президент Лех Качиньский қаза тапқан әуе апаты туралы есеппен келіспейді.

Сейсенбі күні комитет төрағасы Алексей Морозов осылай деп мәлімдеді.

Бұдан алдын Польша ішкі істер министрлігінің сайтына Смоленскідегі Качинский мінген ұшақ апаты туралы қорытынды есеп жарияланған еді. Онда Ресей аэродромындағы жарықтандыру жүйесінің қанағаттанғысыз деңгейде жұмыс жасағаны және аэродром қызметкерлерінің ұшқышқа дұрыс нұсқау бермегені айтылған.

Морозов мұны жоққа шығарып отыр.

2010 жылы сәуірдің 10-ында Смоленск түбінде қалың тұман кезінде Качинскийдің ТУ-154 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Салдарынан 96 адам қаза тапты. Арасында Польша президенті мен оның әйелі, және ондаған жоғары дәрежелі шенеуніктер болды.
XS
SM
MD
LG