Accessibility links

Молдовия мен Гагаузия мемлекеттік тіл туралы дауласып жатыр


Молдавия картасында көкпен боялған тұс - гагауздар тұратын жерлер.
Молдавия картасында көкпен боялған тұс - гагауздар тұратын жерлер.
Молдавия президентінің қызметін атқарушы Мариан Лупу мемлекеттік тіл емтиханына байланысты мәселелерге орталық билік те, Гагаузия автономиялы ауданының жергілікті басшылары да кінәлі екенін айтты.

Биыл Гагаузиядағы жүздеген оқушы ресми тіл - молдова тілінен ақтық етихан тапсырмаған еді. Гагауз автономиясы билігі осы аймақтағы мемлекеттік тілді үйрену ісін жақсартпады, қаржыны көбейтпеді деп орталық билікті айыптайды. Олар мектеп бітірушілер тапсыруға міндетті молдова тілі емтиханынан да бас тартамыз дейді.

Гагаузия - Молдавияның оңтүстігіндегі 160 мың адамы бар автономиялы аумақ. Автономияның ресми тілдері орыс, молдова, гагауз тілдері болса да, тұрғындардың көбі - орыстілділер. Молдова тілін нығайту амалы жергілікті тұрғындар тарапынан қатты қарсылық ұшырап жатыр.
XS
SM
MD
LG