Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың соты бүгін жалғасады. Оған "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылған.
Тимошенконың қолдаушылары оған тағылған айыптардың саяси астары бар екенін айтады. Бұрынғы премьер-министр сотты сынаған соң жұма күні қамауға алынған болатын.
Сейсенбі күні Еуропа елдері Тимошенконың тұтқындалуын айыптады. Ал АҚШ мемлекеттік департаменті Украина билігін Тимошенконы тезарада босатуға шақырды.
Бүгінгі сот отырысына АҚШ, Испания және Ұлыбритания дипломаттары қатыспақ.