Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды қарастырды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сәрсенбі күні жабық жиын барысында Сириядағы жағдай туралы баяндама тыңдалды.

Баяндамада елде толқу басталғаннан бері 2 мың адамның билік қолынан қаза тапқаны айтылды. 13 мың адам қамауға алынып, ондаған мың тұрғын көрші Түркияға бас сауғалап кеткен.

Қаза тапқандар мен қамалғандардың көпшілігінде қару болмаған. БҰҰ-дағы Ұлыбританияның өкілі Филип Пархэмнің айтуынша, Сирия оппозицияны басып-жаныштауды тоқтатпаса, Қауіпсіздік кеңесі "қосымша шараларға" барады.

Сирияның осы ұйымдағы өкілі Башар Жаафари келтірілген деректерді дұрыс емес деп бағалады. Ол Сириядағы ахуалды Ұлыбритания қалаларындағы тәртіпсіздіктермен салыстырды.
XS
SM
MD
LG