Accessibility links

Кэмерон: Елдегі бүліктен зардап шеккендерге өтемақы төленеді


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон парламентте мәлімдеме жасап тұр. Лондон, 11 тамыз 2011 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бүгін парламентте сөйлеген сөзінде "үкімет елдегі тәртіпсіздік әрекеттерін тоқтату үшін табандылық танытып отыр" деп мәлімдеді.

"Біз бұл ақылға қонбайтын зорлық-зомбылық жойылмайынша тоқтамаймыз. Көшедегі тәртіп толық қалпына келтіріледі", - деді Кэмерон.

Оның айтуынша, тәртіпсіздік пен тонау әрекеттері салдарынан үйлерінен, бизнестерінен айырылған азаматтарға өтемақы төленеді. Премьер-министр "елдегі толқуларға кінәлілер жауапқа тартылып, жазаланады" деп уәде етті.

Сенбіде Лондонда басталып, басқа да қалаларға жеткен бүліктен кейін мыңнан астам адам қамауға алынды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG