Accessibility links

Обаманы өлтірмек болды деп айыпталған өзбек азаматы айыптарды жоққа шығарды


Улуғбек Қодиров
Улуғбек Қодиров
АҚШ президенті Барак Обаманы өлтірмек болды деп айыпталған Өзбекстан азаматы өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін "Бирмингем ньюс" басылымына сілтеме жасап, Азаттық радиосының өзбек қызметі хабарлады.

АҚШ-та 21 жастағы Улуғбек Қодировқа "Обаманы өлтірмек болып бірнеше рет қоқан-лоққы көрсетті және заңсыз қару сақтады деген" айып тағылып отыр. Қодиров шілденің 13-інде Алабама штатының Бирмингем қаласында полиция агентінен қару сатып алған соң "Лидс" мотелінде тұтқындалған.

Егер ол кінәлі болса, әрбір қоқан-лоққысы үшін 5 жылдан, заңсыз қару сақтағаны үшін 10 жылға кесілуі мүмкін.

Улуғбек Қодиров 2010 жылдың сәуірінде студенттік визасы аяқталғаннан кейін АҚШ-та заңсыз тұрып келген.
XS
SM
MD
LG