Accessibility links

Сирияда 32 адам қаза тапты


Сириядағы құқық қорғаушы топтардың бірі жексенбі күнгі билікке қарсы шеру кезінде әскер қолынан 32 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Сирия революциясын үйлестіру кеңесі қаза тапқандардың көпшілігі Латакия қаласында болғандығын айтады.

Куә болғандардың айтуынша, бұл - елде наразылық басталған наурыз айынан бергі Латакиядағы ең көп қан төгілген күн болып отыр.

Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон мен АҚШ президенті Барак Обама Сирияны тағы да қантөгісті тоқтатуға шақырды.

XS
SM
MD
LG