Accessibility links

Долинкадағы колониядан үш сотталған қашып кеткен


Долинкадағы қамау мекемелерінің бірі.
Долинкадағы қамау мекемелерінің бірі.
Қарағанды облысындағы Долинка ауылында орналасқан колонияда үш сотталған қашып кеткен. Бұл туралы хабарлаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі қамаудан қашқандардың аттарын жариялап, олар Ерсайын Байхатов, Николай Смирнов және Александр Попков деген азаматтар екенін айтты.

Бұл мәліметті елдегі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ресми өкілі Самал Ғаділбекова растады. Оның айтуынша, бұл үш азамат қала сыртында орналасқан жұмыс орнынан түзету мекемесіне қайтып келмеген.

- Қоныстандыру колониясы дегеніміз, өздеріңіз білесіздер, бұл жабық мекеме емес, бұл жартылай жабық. Онда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жұмыс істеуге құқылы. Және олар жұмыс берушілердің жұмысы қай жерде болса, сол жерде жұмыс істейді. Сол үш сотталған қаланың сыртында түзеу мекемесінің сыртында жұмыспен қамтамасыз етілген еді, - дейді Самал Ғаділбекова.

Оның айтуынша, үш сотталушының не себепті қашып кеткені әзірге белгісіз. «Қазір Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті департаментінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр» деді ол.
XS
SM
MD
LG