Accessibility links

Хельсинки комитеті Наталья Соколованы босатуға шақырды


Ереуілдеген мұнайшылардың заңгері болған Наталья Соколова.
Ереуілдеген мұнайшылардың заңгері болған Наталья Соколова.
Норвегиялық адам құқын қорғаушы Хельсинки комитеті "Қаражанбасмұнай" компаниясының кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы тезарада босатуға шақырды. Соколова бір апта бұрын әлеуметтік араздық тудырды деген айыппен 6 жылға сотталып, түрмеге жабылған.

Хельсинки комитетінің бас хатшысы Бьерн Энгельсланның мәлімдемесінде, "жұмысшы мұнайшылардың құқы үшін бейбіт күрескен адамды сотпен жазалау миға қонбайды. Өкінішке қарай, Наталья Соколованың ісі Қазақстанда адам құқықтары сыйланбайтынын әрі құқық қорғаушылардың заңды құқы сақталмайтынын айқын көрсетіп тұр" делінген.

Маңғыстау облысындағы "Қаражанбасмұнай" және "Жаңаөзен" мұнай компанияларының жұмысшылары үш айдан бері ереуілге шығып, жұмыс жағдайын жақсарту мен жалақыларын көтеруді талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG