Ауған үкіметінде жұмыс істейтін әйел бүгін елдің оңтүстігіндегі Қандағар қаласында оққа ұшты.
Уәлаят әкімшілігінің баспасөз хатшысы Залмай Аюбидің мәлімдеуінше, Радиа Садат жұмысына бара жатқан кезде өлтірілген. Ол Батыс елдері қаржыландыратын, ауылдық жерлерді дамыту жобасымен айналысқан.
Садатқа жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады. Ресми өкілдер оны "Ауғанстанның дұшпандары" өлтірді дейді. Әдетте Ауғанстанда бүлікшілерді осы атпен атайды.
"Талибан" қозғалысы үкімет қызметкерлері мен кеңселерде жұмыс істейтін әйелдерді жиі нысанаға алады.