Accessibility links

Тәжікстанда Би-Би-Си тілшісінің соты басталды


Би-Би-Си тілшісі Урунбой Усмонов
Би-Би-Си тілшісі Урунбой Усмонов
Бүгін Тәжікстанның Худжанд қаласында Би-Би-Си тілшісі Урунбой Усмоновтың соты басталды.

59 жастағы Усмоновқа "тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымымен байланысы бар" деген айып тағылған. Усмонов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол тек журналистік мақсатпен ғана "Хизб ут-Тахрир" мүшелерімен кездескенін айтады.

Би-Би-Си Тәжікстандағы тілшісіне тағылған айыптардың негізі жоқ дейді.

Урунбой Усмонов маусымның 13-інде қамауға алынған болатын. Оның тұтқындалуын адам құқықтарын қорғаушы халықаралық ұйымдар айыптады. Кейіннен ол кепілге босатылды.

Усмоновтың туыстары оның қамауда соққыға жығылғанын айтады.
XS
SM
MD
LG