Accessibility links

Қырғызстанда 83 үміткер президент сайлауына түсуге ынта білдірді


Қырғызстан картасы
Қырғызстан картасы
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 83 кандидат алдағы президент сайлауына түсуге ынта білдірген. 16 үміткерді саяси партиялар ұсынған.

Енді кандидаттар 30 қазандағы сайлауға үміткер ретінде тіркелу үшін кемінде 30 адамның қолын жинап, шамамен 2200 АҚШ долларын төлеуі тиіс. Сонымен қатар олар мемлекеттік тіл сынағынан өтуі керек.

Социал-демократиялық партиясын басқаратын премьер-министр Алмазбек Атамбаев, Ата-Жұрт партиясынан Камчибек Ташиев және Ата Мекен партиясының жетекшісі Омірбек Текебаев сайлауға түсетін негізгі кандидаттар болуы мүмкін.

Қазан айындағы дауыс берулер - бұрынғы мемлекет басшысы Құрманбек Бакиев 2010 жылғы сәуір айында биліктен құлатылғалы бері елде өтетін алғашқы президент сайлауы.
XS
SM
MD
LG