Accessibility links

БҰҰ Бакуде құқық қорғаушы топ кеңсесінің қиратылуына алаңдаулы


Бакуде құлатылған ғимарат. 11 тамыз 2011 жыл.
Бакуде құлатылған ғимарат. 11 тамыз 2011 жыл.
БҰҰ Әзербайжан билігін Бакудегі құқық қорғаушы топтың кеңселерін қиратқаны үшін айыптап, қажет болған жағдайда өтемақы төлеуге шақырды.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары өзінің бүгінгі мәлімдемесінде Әзербайжан астанасында Бейбітшілік және демократия институты мен тағы басқа екі үкіметтік емес ұйым ғимаратының құлатылғанына алаңдаушылық білдірген.

БҰҰ Әзербайжан билігін халықаралық келісімдерге сәйкес адам құқықтарын қорғаушылардың жұмыс істеуіне қауіпсіз жағдай жасауға шақырды.

Тамыздың 11-інде қаланы жаңарту жобасы аясында Бакудегі Бейбітшілік пен демократия институты үкіметтік емес ұйымының кеңсесі орналасқан ғимарат қиратылған болатын.

Билік орындарының айтуынша, Шамси Бадалбайли көшесіндегі барлық ғимараттар құлатылып, оның орнына саябақ салынады. Бұл жобаға президент Илхам Алиевтің әйелі Мехрибан Алиева жетекшілік етеді.
XS
SM
MD
LG