Accessibility links

Тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған британдықтар 4 жылға сотталды


Ұлыбританияда екі адам Facebook желісі арқылы тәртіпсіздіктерді үйлестіруге тырысқаны үшін төрт жыл түрмеге кесілді.

Сот 20 жастағы Джордан Блэкшоу мен 22 жастағы Перри Сатклифф-Кинэнді ел солтүстігіндегі Чешире және Уоррингтон қалаларында әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деп тапты.

Полиция интернеттегі олардың әрекетін байқап қалып, күзетті күшейткен. Сондықтан тәртіпсіздіктерге жол берілмеген.Кейбір құқыққорғау ұйымдары үкімнің тым қатал екенін айтады.

Елдегі тәртіпсіздік үшін 1300-ден астам адам айыпталды. Оның үштен бірі - әлі кәмелетке толмағандар.
XS
SM
MD
LG