Accessibility links

Испанияда Рим папасына қарсы топ мен полиция қақтығысып қалды


Рим папасы ХVІ Бенедикт.
Рим папасы ХVІ Бенедикт.
Мадридте Рим папасы ХVІ Бенедиктің Испанияға келуіне қарсы шыққан шерушілер мен полицияның арасында қақтығыс болды.

Қала орталығына әртүрлі ұйымдардың мыңдаған белсендісі жиналған болатын. Полиция Порта-дель-Соль алаңына жиналғандарды тықсыра бастағанда қақтығыс басталды.

Понтификтің сапарын мемлекет бюджетінен қаржыландыруға қарсы шыққандар бұны қазіргі қарыз дағдарысы жағдайында жол беруге болмайтын шара ретінде атады.

Рим папасы Мадридке бүгін келуі керек болатын. Ол бүкіләлемдік жастар күні мерекесіне қатыспақшы. Бұл салтанатқа әртүрлі елден жүз мыңдаған католик жиналды.
XS
SM
MD
LG