Accessibility links

Ливияда көтерілісшілер мен Каддафи әскерилері арасындағы шайқас жалғасып жатыр


Ливия көтерілісшілері
Ливия көтерілісшілері
Ливия көтерілісшілері ел астанасы Триполидің екі жағында Муаммар Каддафи күштерімен шайқасты. Қақтығыстар Триполидің батысынан елу шақырымдай жердегі Зауияда және Триполидің шығысындағы Злитанда тіркелді.

Каддафидің баспасөз хатшысы Муса Ибрахимнің айтуынша, Зауия мен Злитан Каддафиді қолдайтын күштердің бақылауында.

Басқа да хабарларға қарағанда, Муаммар Каддафидің негізгі көмекшілерінің бірі Абдул Салам Жалуд көтерілісшілер жағына өткен. Жалуд 1969 жылы төңкеріс жасап, Каддафиді билікке әкелген хунтаның мүшесі болған.

НАТО қолдауындағы көтерілісшілер Каддафидің биліктен кетуін көздейді.
XS
SM
MD
LG