Accessibility links

Тәжік әншісі амнистияға ілінген әйелдер қатарында


Фарзона Хуршед сот залында, Душанбе, 9 ақпан, 2010 жыл.
Фарзона Хуршед сот залында, Душанбе, 9 ақпан, 2010 жыл.
Тәжікстанда сүйген жігітін сот ғимаратынан "алып қашқаны" үшін түрмеге жабылған эстрада әншісі Фарзона Хуршедке рақымшылық жасалды деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Бүгін амнистия бойынша Хатлон уәлаятындағы Норак түрмесінен Фарзона Хуршед пен тағы басқа 111 әйел азат етілген. Тәжікстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында тұтқындарға рақымшылық жасау туралы заңды өткен аптада парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған болатын.

Былтыр ақпан айында Душанбе соты тәжіктің танымал әнші қызы Фарзона Хуршедті жақсы көретін жігіті, қамаудағы Фаррух Рузиевтің сот ғимаратынан қашып шығуына көмектескені үшін айыпты деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Жас жігіт алаяқтық жасағаны үшін сотқа тартылуы тиіс еді.
XS
SM
MD
LG