Accessibility links

"Азат" ЖСДП мұнайшылар мәселесіне қатысты келісу комиссиясын құруға шақырды


"Азат" жалпыұлттық социал демократиялық партиясы Батыс Қазақстанда ереуілдеп жатқан мұнайшылардың мәселесіне қатысты республикалық келісу комиссиясын құруға шақырды.

Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған ашық хатында аталмыш партия мұнайшылардың «проблемасын мәдениетті түрде шешу мүмкіндігінің жоқтығы әлеуметтік жарылысқа алып келуі мүмкін» деп ескерткен.

Маңғыстаудағы мұнайшылардың ереуілдеп жатқандығына үш айдан астам уақыт өтті.
XS
SM
MD
LG