Accessibility links

Украина тәуелсіздігіне 20 жыл толды


Украина президенті Виктор Янукович ел тәуелсіздігін атап өту шарасында мәлімдеме жасап тұр. Киев, 24 тамыз 2011 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович ел тәуелсіздігін атап өту шарасында мәлімдеме жасап тұр. Киев, 24 тамыз 2011 жыл.
Украина бүгін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп жатыр. Президент Виктор Янукович Украинаның бірлігіне арналған ескерткіш алдындағы ресми шараға қатысты.

Экономикалық қиындықтарға байланысты 20 миллион АҚШ долларын үнемдеу үшін билік орындары әскери парад өткізу жоспарынан бас тартты.

Бұл уақытта қамауда отырған оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенконың қолдаушылары наразылық шарасын өткізді. Хабарларға қарағанда, Киевтің орталығында жиналған наразылық танытушылар қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан. Тимошенконың жақтастары президент кеңсесіне дейін шерулетіп бармақшы болған.
XS
SM
MD
LG