Accessibility links

Әзербайжан оппозициясының 6 белсендісі түрмеге жабылды


Бакудегі оппозициялық шеру. 2 сәуір 2011 жыл.
Бакудегі оппозициялық шеру. 2 сәуір 2011 жыл.
Әзербайжан астанасында осыдан төрт ай бұрын үкіметке қарсы шеруге қатысқан 6 оппозициялық белсенді үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлайды Азаттық радиосының әзербайжан қызметі.

Оларға "қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болған әрекетті ұйымдастырды және үкімет ресми өкілдеріне қарсы күш қолданды" деген айып тағылды.

Сәуірдің 2-сінде Бакуде наразылық шарасын өткізбек болған ондаған белсенді тұтқындалған болатын. Оппозициялық "Қоғам палатасы" тобы ұйымдастырған шеруді полиция қызметкерлері қуып таратқан еді.
XS
SM
MD
LG