Accessibility links

Абхазия жаңа президентті сайлап жатыр


Абхазия астанасы Сухумиде дауыс беріп жатқан сайлаушылар. 26 тамыз 2011 жыл.
Абхазия астанасы Сухумиде дауыс беріп жатқан сайлаушылар. 26 тамыз 2011 жыл.
Грузияның жікшіл аймағы - Абхазияда президент сайлауы өтіп жатыр.

Бүгінгі дауыс берулерде жеңіске жететін кандидат мамыр айында қайтыс болған Сергей Багапштың орнын баспақ. Сайлауға премьер-министр Сергей Шамба, вице-президент Александр Анкваб және оппозициялық үміткер Раул Хажимба түсіп жатыр. Үш кандидаттың барлығы Грузиямен қайта қосылуға қарсы.

Осыдан үш жыл бұрын Ресей Абхазия мен Грузияның тағы бір жікшіл аймағы - Оңтүстік Осетияны тәуелсіз мемлекеттер деп ресми түрде мойындаған болатын. Мәскеудің бұл әрекетін Венесуэла, Никарагуа және кішігірім Науру республикасы қолдады.

Грузия мен қалған халықаралық қауымдастық Абхазияны Грузияның территориясы деп біледі.

Ресейдің Абхазияда мыңдаған сарбазы бар. Сонымен қатар Ресей абхаздарға өз азаматтығын береді.
XS
SM
MD
LG