Хабарларға қарағанда, Пәкістан соты бұрынғы президент Первез Мүшаррафтың елдегі дүние-мүлкін тәркілеу жөнінде шешім шығарды.
Франциялық AFP ақпарат агенттігі бұл туралы пәкістандық прокурор Чаулдри Ажардың айтқанына сілтеме жасап хабарлады.
Лондон мен Дубайда бас сауғалап жүрген Первез Мүшаррафқа 2007 жылы қастандық жасалған экс-премьер Беназир Бхуттоның өліміне қатысты іздеу жарияланған.
Мүшаррафтың Пәкістан банктеріндегі ақшасы қанша екені белгісіз, бірақ оның елде бірнеше мүлкі бар екен.