Accessibility links

Ташкенттен Самарқандқа жүрдек пойыз жүре бастады


Самарқанд қаласындағы алаң.
Самарқанд қаласындағы алаң.
Өзбекстанның мемлекеттік теміржол компаниясы ел астанасы Ташкенттен ежелгі "Жібек жолының" қаласы Самарқандқа баратын жүрдек пойыз жолын іске қосты.

Бұл туралы хабарлаған Ферғана.ру сайты жаңа пойыз сағатына 250 шақырым жүріп, екі қаланың ортасында екі сағат қана жүретінін айтып отыр.

Осыған дейінгі пойыздар осы бағытта 5 сағаттай жүріп келген. Жаңа жүрдек пойызын салу 170 миллион долларға түскен.
XS
SM
MD
LG