Accessibility links

Еуропа Одағы Минскіні саяси тұтқындарды босатуға шақырды


Беларусь президенті Александр Лукашенконың үкімет пен оппозиция арасында дөңгелек үстел отырысын өткізу ұсынысын салқындау қабылдады. Лукашенко экономикалық дағдарыс күшейе түскен тұста елдегі жағдайды жақсарту қажеттігін айтқан.

Бұл арада Скандинавия мен Балтық елдері сейсенбі күні бірлескен мәлімдеме жасап, Беларусь билігін саяси тұтқындарды түрмеден босатуға шақырған.

Хельсинкиде өткен жиында Финляндия сыртқы істер министрі Беларустегі жағдай алаңдаушылық тудырып отыр деген. Ол Швеция, Исландия, Эстония, Дания және Норвегия елдері Минск саяси тұтқындарды босатқанша, Беларусь билігімен араласпаймыз деп келіскенін айтты.
XS
SM
MD
LG