Қырғызстан президенті Роза Отунбаева ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаған сөзінде, қырғыз елі өркендей береді деген үмітін білдірді.
Бішкек орталығында қырғыздың әйгілі батыры Манасқа арналған ескерткіштің ашылуында, президент Отунбаева 1991 жылды еске алсақ, біз еркіндікті, тәуелсіздікті таңдадық, мәдениетіміз бен дәстүрімізді сақтап, әрбір адамның тәуелсіз екенін таныттық деді.
Роза Отунбаева енді елді алдағы күзде президент сайлауы сияқты маңызды шара күтіп тұрғанын, халықтың жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасау қажеттігін алға тартты.
Қырғызстанда соңғы алты жылда екі рет билік құлатылып, елдегі билікті президенттіктен парламенттік жүйеге көшірген Орталық Азиядағы бірінші ел болып отыр.