Accessibility links

Ливиялықтар ораза айт мейрамы мен Каддафидің кеткенін тойлап жатыр


Триполиде мыңдаған адам алаңға жиналып, Ораза айт мейрамы мен Муаммар Каддафи режимінің құлағанын тойлады.

Ливия көтерілісшілері елдің басым бөлігін бақылауымызда ұстап отырмыз деп, Каддафиді жақтаушы күштерді сенбі күнге дейін берілуге шақырған.
Әйтпесе,оларға қарсы әскери операция жүргізетіндерін ескерткен.

Бірақ Каддафидің туған қаласы Сиртедегі күштері көтерілісшілердің ультиматумын қабылдамай отыр. Каддафидің қайда екені әлі белгісіз.

Бұған дейін ливия көтерілісшілері Алжирден Муаммар Каддафидің әйелі мен үш баласын қайтарып беруді талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG