Accessibility links

Қырғызстанда Ресей азаматының өліміне қатысты 4 полицейге айып тағылды


Қырғызстан картасы
Қырғызстан картасы
Қырғызстанның оңтүстігінде төрт полиция қызметкеріне "Ресей азаматының өліміне қатысы бар" деген айып тағылды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Ресейлік этникалық өзбек азаматы Дадамирза Холмирзаев тамыздың 9-ында Жалалабад ауруханасында көз жұмған болатын. Оның алдында Холмирзаев жергілікті полиция бөлімінде өткен жылдың маусым айындағы этникалық қақтығыстарға қатысты сұрақтарға жауап берген еді. Полиция қызметкерлері оны соққыға жықты делінеді.

Тамыздың 22-сінде ішкі істер министрлігі Холмирзаевтың өліміне байланысты Базар-Коргон полициясы басшысы Эрнист Молдокеевтің қызметінен босатылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG