Accessibility links

Аймақтық басшылар қауіпсіздік мәселесін талқылады


Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей президенті Дмитрий Медведев, Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Душанбе, 2 қыркүйек 2011 жыл.
Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей президенті Дмитрий Медведев, Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Душанбе, 2 қыркүйек 2011 жыл.
Бүгін Душанбеде өткен аймақтық саммитте Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Тәжікстан президенттері заңсыз есірткі тасымалының алдын-алу мен қауіпсіздік мәселесін талқылады.

Тәжікстан астанасындағы келіссөздерден кейін жарияланған бірлескен мәлімдемеде аталмыш төрт ел басшылары экстремизм және есірткі тасымалымен күресте ынтымақтасуға келісті делінген.

Ресей президенті Дмитрий Медведев, Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари, Ауғанстан президенті Хамид Карзай және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон сонымен қатар Ауғанстандағы НАТО жетекшілік ететін коалицияны жергілікті қауіпсіздік күштерін жаттықтыруын күшейтуге шақырды.

Ауғанстан және Пәкістан президенттерімен жеке кездескен Медведевтің айтуынша, аймақтағы нағыз тұрақтылық пен құқықтық нормаға тек жергілікті үкіметтер ғана қол жеткізе алады.

Бұдан бөлек, төрт мемлекет басшылары аймақтағы энергетикалық жобалар мен көлік дәліздеріне қатысты ынтымақтасуға уәде етті.
XS
SM
MD
LG