Accessibility links

Нетаньяху: Израиль 9 түріктің қазасы үшін кешірім сұрамайды


Израиль премьер-министрі Бинямин Нетаньяху өз елінің өткен жылдың соңында Газаға бет алған қайырымдылық кемесіне жасалған рейдте 9 түріктің қаза болғанына қатысты кешірім сұрауы қажет емес деді.

Бұл мәселеге қатысты бірінші рет қоғам алдында мәлімдеме жасаған Нетаньяху Израиль өз азаматтарын, балаларымыз бен қауымдастықтарымызды қорғау үшін әрекет етті деп айтты.

Түркия азаматтарының қазасына өкініш білдірген Израиль премьері Түркиямен байланыс қалпына келеді деген үмітін білдірді. Анкара болса Израильдің кешірім сұрап, Газа блокадасын алып тастағанын қалайды.

Сенбі күні Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу алдағы аптада Анкара Израильдің блокадасын Халықаралық әділет сотының назарына ұсынады деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG